Темекі өнімдерін өндіру және тұтыну мәселелері: темекі шегудің алдын алу және тұрақты даму шеңберінде жастардың денсаулығына әсері

28 қазан, 2024

ТДМ 12  "Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету" және ТДМ 3 "Cалауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатқа жәрдемдесу" іске асыру шеңберінде әл-Фараби ат. ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары аға оқытушы Данияр Әбдрахманов, PhD докторы Адлет Ерғали және PhD докторы Қуаныш Аратұлы Narxoz университетінің қабырғасында заң клиникасымен және студенттермен дөңгелек үстел және кездесу өткізді. Дөңгелек үстел барысында темекі өнімдерін өндіру және тұтыну, темекі шегудің алдын алу, сонымен қатар темекі шегудің жастардың денсаулығына әсері мәселелері талқыланды.