«Ел тәуелсіздігі - Еркіндік пен Бірліктің Нышаны»

28 қазан, 2024

2024 жылдың қазан айының 24-ші жұлдызында Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. Н.С. Темірболат «Құқық қорғау қызметі» ББ 117-топ студенттерімен «Ел тәуелсіздігі - Еркіндік пен Бірліктің Нышаны» тақырыбында Қазақстан Республикасы күніне арналған ашық сабақ өткізді. 
Сабақ барысында студенттер Қазақстан Республикасының қалыптасуының негізгі сәттерін, елдің жетістіктерін және оның әлемдік қоғамдастыққа қосқан үлесін айқындап, ел дамуындағы азаматтық жауапкершілік пен патриотизмнің рөлі белсенді талқыланды. Ашық сабақтың интерактивті форматы барлық студенттердің сұрақтар қойып, өзара пікір алмасуына мүмкіндік беріп, сабақтың нәтижелі әрі мазмұнды еткендігін көрсетті.
Сабаққа қатысқан кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы аудиторияның қатысуының жоғары деңгейін атап өтті. Сондай-ақ оқушылардың патриоттық рухын нығайту үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығы атап өтілді. Сабақ Республика күнін мерекелеуге орайластырылған іс-шаралар қатарындағы әсерлі оқиға болды.