«Тарихи Отаным - Қазақстан» атты іс-шара
25 қазан, 2024
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ кураторларының ұйымдастыруымен Республика күніне орай №14 жатақхананың акт залында «Тарихи Отаным - Қазақстан» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты - жатқаханада тұрып жатқан шетелден келген этникалық қазақ жастарының бойына отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру, еліне, Тарихи Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Іс-шара барысында Республика күнінің мәнін, тәуелсіздіңтің маңыздылығы түсіндірілді. Тыңдаушылар ризашылықтарын білдіріп, еліне, халқына, ұстаздарына, әріптестеріне жүрек жарды құттықтауларын жолдады. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024