Мұғалім - ісі сырттай қарапайым болғанмен,
тарихтағы ең ұлы істің бірі. (К.Д.Ушинский)
4.10.2024ж. ТДМ-4 аясында және Ұстаздар күні мерекесіне орай кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұжымы ардагер-ұстаз, заң ғылымдарының докторы, профессор Рахметов Есіл Шәріпбайұлының қатысуымен кездесу өткізді.
Е.Ш. Рахметов 1983 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысуда, экологиялық, жер, аграрлық-құқықтық және әкімшілік құқық бойынша бірқатар ғылыми еңбек, оқу құралдары мен оқулықтарының, әдістемелік құралдардың авторы болып табылады: мемлекеттік тілде 4 оқулық «Аграрлық құқық» және «Экологиялық құқық», әкімшілік құқық бойынша 2 монографияның және 3 оқу құралының және 70-тен астам ғылыми мақалалардың бірлескен авторы.
Кездесуге кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева қатысты. Есіл Шәріпбайұлы өзінің ұстаздық жолындағы жетістіктері туралы студенттерге айтып берді. Жастарға болашаққа бағдар беріп, білім жолында сәттілік тіледі.