Мектеп оқушыларына арналған «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» атты III конкурсы

4 қазан, 2024

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №17. Тұрақты даму үшін серіктестік

2022 жылдан бастап жыл сайын Алматы қ. Білім басқармасының қолдауымен «Дарын» Республикалық Ғылыми-зерттеу орталығымен бірлестікте «Менің отбасымның тарихы архив құжаттарында» конкурсын өткізіп келеді. Конкурс аясында балалар өз отбасының тарихы арқылы ел тарихын танып біледі, сонымен қатар тарихи фактілерді, отбасылық дәстүрлерді іздеуге баулиды. Биылғы жылғы конкурста жалпы білім беретін мекемелердің 8–11 сынып оқушылары қатысты.

 

Байқаудың мақсаты – жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының интеллектуалдық және тұлғалық дамуы, олардың тарихты оқыту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін меңгеруі, жастарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық тарихқа қатысты, туған жер, отбасы туралы деректі дереккөздерді зерттеу мен сақтауға тарту болып табылады.

Арнайы комиссия зерттеу жұмыстарының мазмұны, ғылыми тәсілдердің қолдануы, архив құжаттары, оның ішінде отбасылық фотосуреттерді пайдалану сияқты талаптарды ескеріп, бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша

бірінші орынды А. Қарсақбаев атындағы №41 ЖББМ оқушысы Жансая Сатханбай,

екінші орынды Lakeview school мектебінің оқушысы Андрей Рябцев,

үшінші орынды М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушісі Аяна Серикхан және Lakeview school мектебінің оқушысы Андрей Черников тең бөлісті.

Жеңімпаздарға және қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушы Дүниежүзі тарихы тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы А.Х. Мұстафина