«МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ - ЗАҢГЕР» АТТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

04.10.2024 жылы әл–Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы «Құқықтану» мамандығының 1 курс, 122 тобының студенттерімен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4 мақсаты «Сапалы білім беру» аясында «Менің болашақ мамандығым - Заңгер» атты семинар өткізді. Семинар барысында студенттер болашақ мамандықтары туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Бұл мамандық иелері мемлекеттік мекемелерде, құқық қорғау органдарында, түрлі ұйымдарда, шағын фирмаларда, кәсіпорындарда, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда ауадай қажет. Заңгер мамандығы пайда болған қиындықты шешуге бағытталады. Заңгер әділетсіздіктің құрбаны болған тұлғаға, қылмыстан зардап шеккен жәбірленушінің өз құқықтарын қалпына келтіруге, оларды қорғауға, заңсыз жұмыстан шығарылған адамның қайта жұмысына тұруына, даулы мүліктік және тұрғын үй сұрақтарын шешуге көмек береді.