«25 қазан Республика күні» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді
15.10.2024 ж. Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы PhD доктор Умбетов Мадияр Нұрдаулетұлы 2 курс студенттерімен (БҰҰ)ТДМның 17 мақсатын іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінде 206 академиялық топ студенттерімен
«25 қазан Республика күні» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Спикер ретінде 206 топтың студенттері Умирбаева Мерей және Жетен Нұржан семинар тақырыбына байланысты өз ойымен бөлісті. Іс-шарада студенттер еліміздің тәуелсіздігі мен тарихына арналған маңызды тақырыптармен танысты. Ашық тәрбие сағатында Қазақстанның мәдениеті, мемлекеттік символдары және ұлттық құндылықтар туралы әңгіме болды.
Студенттер ұлттық әндер орындап, патриоттық рухтарын білдірді. Тәрбие сағаты барысында туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық мақтаныш сезімін ояту басты мақсатымыз болды.
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! Отанымызды бірге қадірлеп, дамытуға шақырамыз!
#РеспубликаКүні #Тәрбие #Патриотизм #Қазақстан #ҰлттықМәдениет.