«Қазақстан - құқықтық мемлекет» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

14 қазан, 2024

2024 жылы 14 қазан күні   әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің кеден, қаржы және экология құқығы кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д. профессор Г.А. Қуаналиеваның қатысуымен және 1-курс 110-топтың эдвайзері Д.А. Бакиров ұйымдастыруымен БҰҰ ТДМ-4 шеңберінде 25 қазан - Республика күніне арналған «Қазақстан - құқықтық мемлекет» атты кураторлық сағат өткізілді. 
      Осы топтың студенттері Дәулетова Диана мен Жебеген Хантемір «Қазақстан - құқықтық мемлекет» тақырыбында  презентация әзірлеп, Қазақстанның демократиялық, құқықтық сипаты,  еліміздегі адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен қамтамасыз етілуі, мемлекеттік билік жүйесінің құрылымы туралы баяндап берді.
      Кездесу соңында жастар жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін Республика күнінің ел тарихы мен болашағы үшін маныздылығы, жастардың заң үстемділік ететін қоғам құруда атқаратын рөлі туралы өз пікірлерімен бөлісіп, Қазақстанның құқық үстемдік ететін мемлекетке  айналатынына зор сенім білдірді.