Қазақстан Республикасы Республика күні мен Қытай Халық Республикасының Ұлттық күніне арналған кездесу өтті

14 қазан, 2024

2024 жылдың қазан айында БҰҰ ТДМ (17-мақсат: Тұрақты даму үшін серіктестік) аясында Қазақстан Республикасы Республика күні мен Қытай Халық Республикасының Ұлттық күніне арналған “ҚР Республика күні Қазақ
Кеңестік Социалистік
Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданғанына 34 жыл және 
ҚХР Ұлттық күнінің
75 жылдығына  орай Сиянь
Университетінде екі елдің
ғалымдарының ынтымактастык
аясында кездесуі” тақырыбында маңызды кездесу өтті. Кездесу Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының қабылданғанына 34 жыл толып, ҚХР-ның Ұлттық күнінің 75 жылдығы атап өтілді.
Кездесуге кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушылары Қалымбек Б. және Шуланбекова Г. қатысты.
Сиянь Университетінде өткен кездесу екі елдің ғалымдарының ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени, ғылыми және білім беру саласындағы байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Ғалымдар екі мемлекеттің тарихы, мәдениеті мен экономикалық дамуы жөнінде өзара тәжірибе алмасып, келешектегі ынтымақтастық бағыттарын белгіледі.

Кездесудің мақсаты – ғылыми зерттеулер мен жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, білім алмасу бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ жастарды ғылыми жұмысқа тарту болып табылады. Қазақстан мен Қытайдың білім және ғылым саласындағы серіктестігі екі елдің стратегиялық мүдделерін нығайтуға, жаңа идеялар мен инновацияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Шараның қорытындысында қатысушылар Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға бағытталған бірнеше ұсыныстар қабылдады. Ғалымдардың бірлескен жұмысы екі елдің ғылымы мен білімінің дамуына, мәдениеттерінің жақындасуына және экономикалық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне жетуге ықпал ететіні сөзсіз.