ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛДАНДЫ

13 қазан, 2024

2024 жылғы 13 қазанда БҰҰ ТДМ-16 мақсаты "Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді мақсаттар" аясында" кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 1 курс магистранты Жүніс Әли Бақытұлы Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылының №12 орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен "Жастар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру" тақырыбында кездесу өткізді. Оның аясында ол жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын қалыптастырудың ерекшеліктері, әдістері мен жолдары туралы айтты. 
Кездесудің мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға және дамытуға көмектесу, құқықтың, заңдардың және басқа да нормативтік актілердің күрделі аспектілері туралы айту. Оқушылар мен мұғалімдерге заң саласындағы сұрақтарға жауап беру. 
Тақырыпты талқылау барысында магистрант теориялық және практикалық ерекшеліктерін, жеке тұлғаның құқықтық сауаттылығы мен санасын қалыптастыру және дамыту негіздерін айтып, сонымен бірге оқушылардың Қазақстан Республикасының заңдары, нормативтік актілері мен Конституциясы туралы сұрақтарына жауап берді.