БҰҰ ТДМ № 10 шеңберінде заң факультетінің 1-курс студенттерімен эдвайзер Б.М. Конысбайдың ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы күніне арналған ашық сабақ өткізді. Сабақ аясында елдің тарихи дамуы, тәуелсіздікке жол және оның қоғам үшін маңызы егжей-тегжейлі қарастырылды. Іс-шара мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды, сонымен қатар тәуелсіздік үшін күреске арналған бейнеролик ұсынылды. Әрі қарай студенттер тәуелсіздікке жол ашқан қиындықтар мен қол жеткізілген табыстарға қатысты өз пікірлерін білдірді. Ашық сабақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Куаналиеваның құттықтау сөзімен жалғасты және патриоттық әнді орындаумен аяқталды.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024
21 қараша, 2024