ҚазҰУ түлектері жатақханаға асүй жиһазын сыйға тартты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне тиесілі №5 жатақханаға биыл – 50 жыл. Осы айтулы датаға орай, «Түлектер күні» ұйымдастырылып, студенттер үйіндегі асханаға жаңадан заманауи жиһаз орнатылды.
Жаңа асүй жиһазын журналистика факультетін 2004 жылы бітірген түлектер тарту етті. Білім алушы жастардың емін-еркін ас дайындаулары үшін жаңадан асүй сантехникасы мен электронды плита қойылған. Сонымен қатар бұған дейін университет тарапынан жатақханаға студенттердің игілігі үшін жаңадан тоңазытқыш қойылған болатын.
Іс-шараға әр жылдары факультетті бітірген түлектер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі тележурналистер, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер жиналды.
Жиын соңында 2014 жылы бітірген түлектер ұйымдастырған 1-4 курс студенттері арасында «Саяси журналистика» байқауының қорытындысы жарияланды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі