БҰҰ бағдарламасы: Тұрақты даму мақсаттары аясында театрға бару

26 қазан, 2024

2024 жылдың 26 қазан күні Тұрақты даму мақсаттарының4-Сапалы білім» бағытында А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы «Қазақ филологиясы» мамандығының 1 курс студенттері кураторлары Игиликова Сымбат Игиликқызы, Сарсенбай Жанат Асылханқызы, Егізбаева Назкен Жаненқызымен бірге Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, Ақберен Елгезектің шығармасы негізінде сахналанған «Болмаған балалық шақ» қойылымын тамашалап қайтты. «Театр - халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке, рухани құндылыққа тәрбиелеудің аса маңызды құралы» деп таныған ұстаздар өз шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеуде осындай іс-шараларды ұйымдастырды.