"Қазақстанда бизнес жүргізудегі негізгі тосқауылдар және сапалы бизнес-ортаны дамыту құралдары"Farabi University

"Қазақстанда бизнес жүргізудегі негізгі тосқауылдар және сапалы бизнес-ортаны дамыту құралдары"

28 қазан, 2024

БҰҰ-ң Тұрақты даму мақсаттарын барлық елдер бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатын жақсарту және планетамызды қорғауды күшейту үшін жүзеге асыратыны белгілі. Осыған байланысты ЭжБЖМ Экономика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Университет шеңберінде кедейлікті оның барлық көріністерінде жою жөніндегі Бағдарлама мен саясатты іске асыру шеңберінде 1-ші ТДМ «Кедейлікті жою» қол жеткізуге белсенді үлес қосуда.

Осы Бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы іс-шаралар шеңберінде ЭжБЖМ мен Экономика кафедрасында ҚР ҒЖБМ 2023-2025 жж. арқылы қаржыландырылатын АР19683020 "Еуразия өңіріндегі елдің инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстан өңірлерінде бизнес-ортаны дамытудың жаңа құралдарын зерттеу" атындағы жүзеге асырылатын жобаның командасы 29 қазан 2024 жылы дөңгелек үстел ұйымдастырады. Жобаның ғылыми жетекшісі PhD, Экономика кафедрасының аға оқытушысы Рахматуллаева Динара Жақсылыққызы.

Дөңгелек үстелге бизнес өкілдері, Экономика институты мен ЭжБЖМ ғалымдары өз баяндамаларымен белсенді қатысады. Талқылау барысында қатысушылар Қазақстандағы шағын және орта бизнес соқтығысатын негізгі тосқауылдарды жою мен ел аумақтарында сапалы бизнес-ортаны дамыту үшін қандай құралдар қажет екендігі жөнінде өз пікірлерімен бөліседі. ШОБ Қазақстанның ЖІӨ шамамен 40%-н қамтамасыз ететіні және елдің индустрияландырылуына, ондағы жұмысбастылыққа оң ісер ететіні баршаға мәлім. Оларды әрі қарай дамыту мен қолдау үшін елде сапалы іскерлік орта мен тартымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру үшін оларды бағалаудың жаңа құралдары қажет.

Осыған байланысты Дөңгелек үстелде жоба авторлары осы күнге дейін жоба бойынша қол жеткізілген нәтижелерімен бөліседі. Оның ішінде жоба командасы жоба шеңберінде жасалған “Doing Business Qazaqstan” веб-порталын алғаш рет презентациялайды. Бұл веб-порталда Қазақстан аумақтарына есептелген Doing Business KZ индекстері де жарияланады. Авторлардың пікірінше, бұл индекстер Қазақстандағы іскерлік және инвестициялық ортаның транспаренттілігі мен тартымдылығын арттыруға, шағын және орта кәсіпорындар үшін олардың бизнесінің табыстылығын арттыруға мүмкіндік беруі мүмкін.