- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстандық және шетелдік жарияланымдары Тұрақты Даму Мақсаттарын (ТДМ) іске асыруы туралы
Қазақстандық және шетелдік жарияланымдары Тұрақты Даму Мақсаттарын (ТДМ) іске асыруы туралы

«ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы» журналы Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттары туралы сұрақтардыбелсенді түрде жарыққа шығарып келеді. Жарияланымдардың негізгі мақсаты – ғылыми қауымдастықтың назарын экология, жергілікті кәсіпкерлікті қолдау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, аймақтық даму сияқты мәселелерге аудару. Журналдың осы жылғы №3 (149) санында ТДМ 3(«Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқарудың қазіргі жай-күйін талдау және негізгі проблемаларын диагностикалау» мақаласы), ТДМ 8(«Қазақстандағы әлеуметтік-бағдарланған кәсіпкерліктің экожүйесіне әлеуметтік осал адамдарды институционалдық-құқықтық интеграциялау» мақаласы), ТДМ 9, 13(«Қазақстандағы экологиялық салық cалу механизмі:теориялық аспектілері» мақаласы), ТДМ 10 («Қазақстандағы әлеуметтік теңсіздік: параметрлері мен индикаторлары», «Білім беру мобильділігі Қазақстан Республикасындағы ішкікөші-қонды экономикалық реттеу құралы ретінде» мақалалары), ТДМ 11 («Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың даму басымдықтарын қалыптастыруда стратегиялық маркетингтік жоспарлауды жетілдіру» мақаласы), ТДМ 12 («Қазақстандағы миллениалдардың экологиялық таза тұтынушылық мінез-құлқы» мақаласы) мәселелері қамтылды. «ҚазҰУ Хабаршысы. Экономикасериясы» журналы ТДМ іске асыру бойынша зерттеулерді әрі қарай ілгерілетуді жалғастырады.
Авторлар: Бимендиева Л.А., Кожамкулова Ж.Т., Жайназар Ә.Ж., Мұса Қ.А.
«ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы» журналының редакторлары
Басқа жаңалықтар

