Баспагерлер қарары
Еліміздің кітапбаспа саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлау мақсатында «баспа ісі» мамандығы ашылып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің баспа ісі және дизайн кафедрасы 1998 жылдан «бакалавриат», ал 2008 жылдан «магистратура» бойынша жоғары білікті кадрлар даярлап келеді.
Аталған кезең ішінде заманауи ғылыми әлеует жасақталды. Дегенмен, әлі де шешімін тосып тұрған мәселелер баршылық. Бұлардың ең бастысы - мамандықтың нарықтағы танымалдылығының төмендігі және оған деген сұраныстың кеміп кетуі. Осыған орай бойында қаламгерлік қабілет, таным мен талғам негіздері бар үміткерді баспагер-редактор мамандығына шығармашылық конкурс арқылы таңдап алу керектігі дау туғызбайды, өйткені қазіргі жұмыс берушілердің басты қалауы да - кәсіби құзыретгілігі жоғары, жаңашыл жас маман. Осыған орай мамандықтың шығармашылық бағытын нақты атап көрсету және оқушы жастарға тартымдылығын арттыру мақсатында «Баспа ісі және дизайн» кафедрасының атауын «Редакторлық-баспагерлік шеберлік және дизайн» кафедрасы деп өзгерту жөніндегі ұсыныс университет басшылығына берілді.
Қарапайым халық мамандықты кітап басу технологы-полиграфист немесе кітапханамен байланысты кәсіп деп ұғынатындықтан, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары сыныптамасына «Баспа ісі» деген атаудың орнына «Редакторлық-баспагерлік шеберлік» және «Редакторлық-баспагерлік менеджмент» атауларының бірін енгізу ұсынылып отыр. Бұл мәселе бойынша көптеген қоғамдық тыңдаулар өткізілді, атап айтқанда баспа ісі және дизайн кафедрасы мұрындық болған «Баспа ісі мамандығының мәртебесі: имидж және тәжірибе» атты алқасөз мәжілісінде, Алматы. Астана, Талдықорған қалаларында республикалың және өлкелік ғылыми-әдістемелік семинарларда талапкерлерді шығармашылық емтиханмен қабылдау қажеттігі атап көрсетілді. Жоғары оқу орын дарына «Баспа ісі» мамандығы бойынша түсуге тілек білдірген талапкерлерді іріктеуді жақсарту және шығармашыл жастардың зияткерлік әлеуетін жүзеге асыру мақсатын көздейтін бұл ұсыныс сондай-ақ Қазақстан баспагерлер, полиграфистер жане кітаптаратушылар ассоциациясы тарапынан қолдау тапты. Баспагер мамандар, ғалымдар мен зерттеушілер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан алқалы жиындар қабылдаған Қарар негізінде еліміздің Білім және ғылым министрлігінен:
«Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары сыныптамасына» сәйкес «Баспа ісі» мамандығы «Өнер» саласына жататындықтан. Білім және ғылым министрлігінің Жоғары оқу орындарына қабылдау ережесіне осы мамандықты таңдаған талапкерлерді шығармашылық конкурс арқылы қабылдау туралы өзгеріс енгізу жөніндегі мәселені қарастыру өтінілді.
Бұл ұсыныс Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі тарапынан да қолдау тауып отыр.
Жетпісбай БЕКБОЛАТҰЛЫ