Студенттерге арналған демалыс бөлмесі: жайлылық және шабыт.
29 қазан, 2024
🇰🇿🎆Мемлекеттік “Республика күні” мейрамына орай, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы атынан №18 Студенттер үйінің 8 қабатында тұратын студенттерге Жайлы демалыс бөлмесі Сыйға тартылды.
Бұл кеңістік тек релаксация мен қарым- қатынас үшін емес, сонымен қатар, жемісті оқуға ықпал ететін шығармашылық шабыт аймағы ретінде жасалған.
Студенттер қарбалас оқу күндерінен кейін, демалып, бос уақыттарын өткізіп, өздерін үйдегідей сезінетініне сенімдіміз.