Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде студенттерге білім беруде теорияны оқытып қана қоймай, практикаға да көп көңіл бөлінеді. Студенттерді Қазақстанның жетекші өндірістерінің озық тәжірибелерімен, жаңа технологияларымен таныстыру арқылы оқыту олардың білім деңгейлерін жетілдіре түседі.
Білім беру жүйесінде жаңа әдістерді қолданудың мақсаты студенттердің қызығушылығын арттырып, олардың білімдерін нығайтуға көмектеседі. Осыған байланысты 2024 жылдың 28 қазан күні жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Р.Г. Рыскалиева «Тамақ өнімдерінің химиялық сараптамасы» пәні бойынша білім алатын 6В05301-Химия мамандығының 4 курс студенттерін тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша (ТДМ-12. Жауапты тұтыну және өндіріс) Алматы қаласындағы GALANZ bottlers компаниясына апарып, өндіріс құрылымымен танысып, зауыттың инновациялық жетістіктерін саралады. Қазақстан және Орта Азия бойынша ең ірі сусын шығаратын компанияның maxi team official технологиялық процестерінің жүру барысында қолданылатын озық технологиялар осы өндіріс орнының заман ағымына сай жолға қойылғандығы еліміздің тұрақты даму мақсаттарының орындалып жатқандығының дәлелі.
Химия және химиялық технология факультеті, жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Рыскалиева Р.Г.