"Сөзден іске: парламенттік қызметтегі көшбасшылық"тақырыбындағы көшбасшылық дәрісFarabi University

"Сөзден іске: парламенттік қызметтегі көшбасшылық"тақырыбындағы көшбасшылық дәріс

29 қазан, 2024

Шақырылған қонақпен дәріс өткізу аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Әлемдік экономика», «Аймақтану» мамандықтарының 1 курс студенттерімен факультетінің түлегі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі (Президент Әкімшілігі) Өкілі Ахметов Ерік Бауыржанұлымен кездесу өтті.

Іс-шараны факультет деканы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сайрамбаева Жұлдыз Талғатқызы құттықтау сөзімен ашты.

Қонақ өз сөзін Қазақстандағы парламентаризмнің даму негіздерінен бастады. Ол заң шығарушы орган шеңберінде нормашығармашылық процестің өтуі, Қазақстанның басқа халықаралық құқық субъектілерімен халықаралық шарттары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Дәріс барысында студенттер Парламент құрылымына, заң жобаларын қабылдау кезеңіне, мемлекеттік қызметке кіруге қатысты сұрақтар қойды. Дәріс қатысушыларымен тұрақты кері байланыс сақталып, талқылаулар белсенді жүргізілді.

Жалпы, дәріс қызықты және өзекті болды, студенттер қонақтың сөзіне үлкен қызығушылық танытты, сонымен қатар тәжірибеден алынған мысалдар студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыруға ықпал еткені де маңызды.

Шара соңында факультет басшылығы мен студенттер дәрістің тәрбиелік мәні зор , қызықты әрі пайдалы ақпараттан тұратынын айтып, қонаққа ризашылықтарын білдірді.