«Қазіргі қоғамдағы әйелдер образы» ой талқы

11 қазан, 2024

Тұрақты даму мақсатының №5 «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту” бағыты шеңберінде «Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері арасында «Қазіргі қоғамдағы әйелдер образы» тақырыбында ой талқы жасады. Шара барысында қоғамда болып жатырған тұрмыстағы зорлық-зомбылық, әйел адамдарға деген теңсіздік, олардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы пікір талас болды. Студенттер өздерінің көзқарастарын айтып, еліміздегі соңғы жаңалықтармен бөлісті. Әйелдер мен қыздардың құқықтары қорғалмаған қоғамның зардабының орасан зор және оны реттемей адамдардың сана сезімінің деңгейі де дұрысталмайтыны белгілі. Тағылымы мен айтылған көп шара болды деп есептейміз.