Талдықорған қаласына ғылыми іс-сапар

29 тамыз, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының «нәтижелі жұмыспен қамтуға және лайықты жұмысқа жәрдемдесу» №8 бағыты шеңберінде археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры А.Б. Калыш мемлекеттік бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізінде «BR18574057 «Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтары (Шу-Іле ауданы, Тарбағатай және Алакөл алабы) мәдени мұрасын пәнаралық (археологиялық және тарихи-этнографиялық) зерттеу» ғылыми жобасы аясында Талдықорған қаласына ғылыми іс-сапарға барды. Сапар барысында М. Тынышпаев атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейі мен ММ азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің архивінде жұмыстар атқарылды.