ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым»

28 қазан, 2024

2024 жылы қазаннің 28-ші күні Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Акылова Г.С., Гайипова Г.А., Закирова М.Е.. және басқа оқытушылар Ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс білім алушыларымен бірге Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде «Жастар және Интернет» тақырыбында ағылшын тілінде пікірсайыс түрінде іс-шара халықаралық деңгейде өткізді.

Шетелдік қонақ ретінде Мұса Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономиқалық университетінің студенті Егенова Айсезім (Қырғызстан) және Цзянсу Мұхит университетінің студенті Huang Gengci (Қытай) шақырылды.

Білім алушылар дебат барысында үш топқа бөлінді. Бірінші және екінші топ ұсынылған тақырыптар бойынша өздерінің ойларын айтып, интернеттің жағымды және жағымсыз жақтарын білдірді. Үшінші топ сұрақтар қойып, екі топтың өнерін бағалады, ал іс-шара соңында қатысушылардың дәлелдеріне объективті баға берді.

Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді. Нәтижесінде, интернет тақырыбы аясында өзекті мәселелер талқыға түсіп, қорытындыланды.

Іс-шара соңында дебатқа белсенді қатысқан білім алушылар сертификаттармен марапатталды.