Жатақханалардың интерьерін жабдықтау және жаңғырту
БҰҰ ТДМ-11 аясында 2024 жылғы 2 қыркүйек пен 28 қазан аралығында заң факультетінің № 18 жатақханасының 7-қабатындағы холл мен оқу залдарында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары факультет түлектерінің демеушілік қаржысымен қаржыландырылды. Атап айтқанда, жаңадан кілем, алты кітап сөресі, екі сағат, Қазақстан табиғаты бейнеленген тоғыз сурет және кафедра эдвайзерлері ұйымдастырған іс-шараларды сипаттайтын он фотосурет, сонымен қатар, бір диван және төрт ыңғайлы орындық, оқу үстелдері мен қосымша кітаптар сатып алынды. Сондай-ақ, оқу залдарының интерьері жаңартылып, заманауи перделер ілініп, жасыл өсімдіктер отырғызылды. Оқу залына ковралин төселіп, студенттерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында диспенсер орнатылды.