ТДМ 1 "кедейлікті жою" және ТДМ 2 "аштықты жою"

17 қазан, 2024

2024 жылғы 17 қазанда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары шеңберінде, атап айтқанда ТДМ 1 "кедейлікті жою" және ТДМ 2 "аштықты жою" "Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы заң факультетінің бірінші курс студенттерімен бірлесіп "қайырымдылық жәрмеңкесін"өткізді.
Іс-шара кедейлік пен аштыққа қарсы күрестің өзекті мәселелеріне назар аудара отырып, жылы және достық атмосферада өтті. Қайырымдылық жәрмеңкесі әлеуметтік жауапкершілік идеясын ілгерілету мен мұқтаж жандарға көмек көрсетудегі маңызды қадам болды.
Барлық жиналған қаражат мұқтаж отбасыларға және әлеуметтік ұйымдарға көмекке бағытталатын болады.
Студенттер адамдардың өмірін жақсарту және қоғамның тұрақты дамуына ықпал ету үшін білімді іс жүзінде қалай қолдануға болатынының мысалын көрсетті.

 "мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы