ТДМ (3) "Жақсы денсаулық және әл-ауқат"
2034 жылғы 18 қазанда ТДМ (3) "Жақсы денсаулық және әл-ауқат" шеңберінде з.ғ. к., доцент және "мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасының меңгерушісі К.Р. Усеинова өзінің заң факультетінің 208 кураторлық тобымен бірлесіп кампуста дұрыс тамақтану туралы қызықты бейнеролик ұйымдастырып, түсірді!
Олар өз жобаларында студенттер үшін теңдестірілген диетаның маңыздылығы туралы айтып, пайдалы кеңестермен бөлісті және студенттік асханада қандай пайдалы және дәмді тағамдарды табуға болатынын көрсетті.
Бұл бейне жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бастамасының маңызды бөлігіне айналды және ол көптеген адамдарды денсаулығына қамқорлық жасауға және дұрыс тамақтануға шабыттандырады деп үміттенеміз.
"мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы