- Басты бет
- Жаңалықтар
- 18 қазан күні Республика күні қарсаңында «Senim» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы және Жетісу облыстық филиалдарының Ұйғыр аудандық ауруханасы қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
18 қазан күні Республика күні қарсаңында «Senim» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы және Жетісу облыстық филиалдарының Ұйғыр аудандық ауруханасы қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
29 қазан, 2024
18 қазан күні Республика күні қарсаңында «Senim» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы және Жетісу облыстық филиалдарының төрағалары Т.Қуанов пен Қ.Айкуловтың қатысуымен Ұйғыр аудандық ауруханасы қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Жиналыста облыстық салалық келісім шарт аясында ұжым алдындағы бүгінгі таңда бірінші кезекте шешуді талап ететін өзекті мәселелер және оларды шешудегі кәсіподақтың ролі мен мақсаттары талқыланып, нақты жоспарлар белгіленді.
Сонымен қатар, қызметкерлердің сұрауы бойынша «Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру» және «Әлеуметтік-еңбек қатынастары, кәсіподақтардың мәртебесі» туралы тақырыптарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының доценті, PhD докторы Д.Рыскалиев толыққанды талдаулар мен түсініктемелер жасады.
Осы мәселелер ұжым мүшелері мен әкімшілігі арасында қызу талқыланып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, алда тұрған күрделі проблемаларды шешу жолдары нақтыланды.
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024
21 қараша, 2024