Жас ғалымдарға арналған V Еуразиялық ғылыми мектеп "Әлемдік экономика кеңістігі: идеялар, стратегиялар, өзара әрекеттесу" өз есігін ашты

29 қазан, 2024

Жас ғалымдарға арналған V Еуразиялық ғылыми мектеп "Әлемдік экономика кеңістігі: идеялар, стратегиялар, өзара әрекеттесу" өз есігін ашты

21 қазанда жас ғалымдарға арналған "Әлемдік экономика кеңістігі: идеялар, стратегиялар, өзара әрекеттесу" V Еуразиялық ғылыми мектебі офлайн форматта өз жұмысын бастады. Биыл бұл іс-шара алғаш рет Ресей Федерациясынан тыс жерде, бірлескен ұйымдастырушы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында өтті. Ауқымды білім беру алаңы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және ТМД елдерінің жас зерттеушілерін біріктірді.

Мектепке РУДН (https://www.rudn.ru), ОшМУ(https://www.oshsu.kg/ru), Баласагын атындағы ҚҰУ (https://www.knu.kg/ky/ru/), Өзбекстан Халықаралық Ислам Академиясы (https://iiau.uz/ru), БГУ (https://bsu.by), КРСУ (https://www.krsu.edu.kg), СПбМЭУ (https://unecon.ru), сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Бизнес технологиялары» кафедрасының студенттері қатысты. 2024 жылғы мектеп Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссияда төрағалық етуінің басталуына және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Ғылыми мектептің негізгі мақсаты – еуразиялық жоғары оқу орындарының студенттеріне сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру мен жүргізу бойынша практикалық білім мен дағдылар беру. Бұл мақсатқа ресейлік және шетелдік компаниялардың жетекші мамандары, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері өткізген дәрістер мен мастер-кластар арқылы қол жеткізілді. Мектептің мақсаты 4-ші Тұрақты даму мақсаты – «Сапалы білім» аясында, халықаралық ынтымақтастық мәселелерін шешуге және экономикалық байланыстарды нығайтуға дайын мамандарды даярлауды қолдайды.

Мектеп бағдарламасы сапалы білім берудің маңызды аспектісі ретінде пәнаралық және мәдениетаралық тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, студенттерді әлемдік экономиканың шынайы қиындықтарына дайындауға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі Ахметова З.Б., аға оқытушы Шуренов Н.Б., оқытушылар Тулебаева Н.Т. және Аманжолұлы А.