Америкалық фотограф Райн Белл
Жуырда ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнде америкалық “National Giographic” фотографы Райн Белл қазақстандық журналистер мен фототiлшiлерге, студенттерге кәсiби шеберлiк сағатын өткiздi.
Жалпы, өз басыма жақсы, пайдалы кездесу, сұхбат болды. Өзектi мәселелер қозғалып, қажеттi ақпараттар мен кеңестер берiлдi. Көкейде жүрген сан сауалдарға жауаптар алынды. Шетелдегi фотограф әрiптестердiң жұмысымен танысып, материалдық жағдайларын өз ауыздарынан естiдiк. Бұл салада жетiстiкке жету үшiн,саланың iшiнен сала таңдап, соны оқып, бiлiп зерттеп, игеруге кемiнде 5 жыл уақытыңды арнауың керек деген пiкiрлерiн айтты. Шетелде фотографтарға сұраныстың жақсы екенiн, жұмыстарының жоғары бағаланатынын да тiлге тиек еттi.
Қазiргi заманда фотографтар жұмыстарын әлеуметтiк желiлерде көпшiлiкпен бөлiсiп, өз-өздерiн жарнамалап, таныстыруы керек, әртүрлi конкурс, жобаларға қатынасып, бағын сынап, тәжiрибе жинау керек деген пiкiр-кеңестерiмен де бөлiстi. Алыстан ат арылтып келiп, жұмыстарымен таныстырып, тәжiрибесiмен, ақыл-кеңестерiмен бөлiскенi үшiн Райн Белл мырзаға және де осындай кездесуге ұйытқы болып,бiз сияқты жастардың кәсiби сабақтар алуына мүмкiндiк жасап жүрген “ФОТОӨНЕР” ҚБ-не үлкен рақметiмдi айтамын. Болашақта да осындай кездесулер, шеберлiк сабақтары жалғасады деген үмiттемiн.
http://zhasalash.kz/fotooner/16117.html