Ұлпан - гендерлік теңдіктің алғашқы қадамы
2024 жылдың 24 қазанында «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттері топ эдвайзерлер Р.А.Төреханова және Г.А.Тариовамен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларының бірі «Ұлпан» спектаклін тамашалауға барды.
Ұлпан — күшті, батыл, әрі тәуелсіз кейіпкер ретінде бейнеленіп, оның өмірі арқылы автор қоғамдағы әділетсіздіктерді, әйелдердің құқықтарын және олардың қоғамдағы орнын тереңірек түсінуге шақырады.
Сонымен қатар, спектакль сюжеті мен кейіпкерлері арқылы автор махаббат, отбасы, адалдық секілді адамгершілік құндылықтарды да дәріптейді.
Студенттер спектакль барысында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, тарихи болмысы мен адами қасиеттерін ашатын сахналық көріністерді тамашалап, әдебиет пен өнердің үйлесімділігін сезінді. Қойылымдағы кейіпкерлердің жан дүниесі мен драмалық шешімдері студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды, олар қазақ әдебиетінің терең мазмұнын ұғынып, олардың ұлттық өнерге деген ықыластарын арттырды.
Бұл іс-шараның ТДМ 5. «Гендерлік теңдік» аясында жүргізіліп нәтижесінде студенттерді қазақ әдебиеті мен театр өнерінің үздік мұрасымен танысты, сахна өнерінің ұлттық мәдениеттегі рөлін түсінді және өздерінің мәдени танымдарын кеңейтуге мүмкіндік алды.
Спектакльден кейін студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, көргендерін талқылап, театрдың қазақ мәдениеті мен рухани тәрбиедегі маңызын атап өтті.