Мен денсаулықты таңдаймын! Ал сен ше?

29 қазан, 2024

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №3. Салауатты өмір салты және әл ауқат

29.10.2024 ж. сағ. 13.00 де «Мен денсаулықты таңдаймын! Ал сен ше?» тақырыбы бойынша бірыңғай денсаулық сағаты өтті.

Ұйымдастырған 1 курс «Тарих» және «Тарих және шет тілін меңгеру» мамандықтарының студенттері мен эдвайзері доцент Г.С. Беделова. Эдвайзер аталмыш тақырыпта профилактикалық әңгіме жүргізді.

Әңгіме барысында есірткінің адамның физикалық денсаулығына және оның әлеуметтік әл-ауқатына теріс әсері мәселелері талқыланды. Әңгімеге қатысушылар психотроптық заттардың зияны туралы әлеуметтік бейнеролик көрді.

Нәтижесінде, эдвайзер сағатына қатысушылар салауатты өмір салты-бұл дұрыс таңдау деген қорытындыға келді.