Су – тіршілік көзі

28 қазан, 2024

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында ТДМ 6 аясында  «Су – тіршілік көзі» тақырыбында шара өтті. Шараның мақсаты -  тыңдаушылар арасында таза суды үнемдеудің маңыздылығы мен суды үнемдеу жолдарын түсіндіру. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Мамандардың есебіне сүйенсек, бір адам тәулігіне 500 литрге дейін су жұмсайды екен. Жыл сайын Жер бетіндегі климатың өзгеруіне байланысты, сонымен қатар ауыз суға деген сұраныстың артуына байланысты, су үнемдеу – қазіргі таңда әлемдегі маңызды мәселе болып табылады. Тыңдаушыларды табиғат байлықтарын аялап, оларды орынды жұмсалуына жауапкершілікпен қарауға үндеу керек. Шара барысында тыңдаушылар су үнемдеу жолдарын, қандай ережелерді сақтау керектігін  талқыға салып, практика жүзінде қанша  судың бекер кетіп жатқанын есептеп көрді. Қазіргі таңда су және электр энергиясын үнемдейтін техникаларды қолданудың маңызды екенін түсінді.