Қос диплом иегері Тұрақты даму мақсаты: 4 - сапалы білім
30 қазан, 2024
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Лотаринги университетінің (Франция) арасындағы «7М07202 - Мұнай-газ ісі» қос дипломдық білім беру бағдарламасын жоғары деңгейде жүзеге асырып келеді. Соның дәлелі биылғы оқу жылындада кафедраның магистранты Қаленов Ғаламат Лотаринги университетінің Геология, энергетика және кенорындарын игеру факультетінде білімін жалғастырып «Планета және қоршаған орта, Жер туралы ғылым» бағытында магистрлік жұмысын сәтті қорғап, жоғары деңгейде білімін көрсетті.
Физикалық химия, катализ және
мұнайхимия кафедрасының доцентінің м. а.
Канапиева Ф.М.
Басқа жаңалықтар
18 қараша, 2024
18 қараша, 2024
17 қараша, 2024