Қытайлық профессор семинар өткізді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының арнайы шақыртуымен Ухан университетінен келген профессор Сао Я Сюң қытайтану кафедрасының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына «Қытайдың мемлекеттік стратегиясының зерттелуі» атты тақырыпта ғылыми семинар өткізді.
Қытайлық профессор лекциясында Қытайдың мемлекеттік стратегиясының зерттелуінің ХХ ғасырдың 70-ші жылдардан бастау алғанынан, бүгінгі таңдағы жаһандану жағыдайында зерттеулердің қалай жүріп жатқанын, бағыт-бағдарын тыңғылықты да қызық қылып баяндап берді. Профессор Сао өзінің дәрісінде түрлі видео роликтерді, слайдтарды, суреттерді орнымен қолданып отырды. Оқылған дәріс студенттердің, магистранттар мен докторанттардың көңілінен шықты. Соңынан көптеген сұрақтар қойылды. Профессор сұрақтардың бәріне тыңғылықты жауап берді.