Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы

15 қазан, 2024

2024 жылдың қазан айының 15-ші жұлдызында «25 қазан - Республика күні» қарсаңында шетелден келген қандас тыңдаушыларды Ұлттың ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы мұражайымен таныстыру, Республикамыздың ұлт АЛАШТАРЫН насихаттау мақсатында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 24-топ куратор-эдвайзері Г.М.Мужигованың ұйымдастыруымен ӨЛКЕТАНУҒА саяхатқа шықтық.

Шараның мақсаты: Алматыдағы мәдени-тарихи ошақтарының бірі мұражайлар екені сөзсіз. Осыған орай саяхаттың бастауын Ұлттың ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы мұражайынан бастады. А.Байтұрсынұлының ұлт үшін еткен еңбегі,артына қалдырған мұрасы-еліміздің  рухани асыл қазынасы. Осындай еліміздің ел тарихын, ұлт Алаштарын насихаттауда  мақсатында осы Ұлы тұлғаның қасиетті қара шаңырағына барып, Ұлы тұлға туралы тың мұрағаттардан алынған тарихи мәліметтерді тыңдап, жәдігерлерін көріп сонымен қатар 2022жылы қараша айының 16 жұлдызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткішті ашқан еді. Сол ескерткішке факультет тыңдаушыларыда ат басын тіреп Ахмет Байтұрсынұлының рухына тағзым етті.