Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың  тарихи мұражайы

18 қазан, 2024

2024 жылдың қазан айының 18-ші жұлдызында «25 қазан - Респубика күні» - қарсаңында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ тыңдаушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың  тарихи мұражайына барды.

Мұражай – әр халықтың тарихын, мәдениетін, дәстүрін т.б. ұлттық құндылықтарынан сыр шертетін мәдени орын. Мұндай орындарға барып, тың  мәліметтермен танысу арқылы адамның таным көкжиегі артары сөзсіз. 17 қазан күні Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің

кураторлары мен  тыңдаушылары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың  тарихы мұражайына барды.

Шараның мақсаты: шетелден келген қандастарымызды білім мен ғылымның ордасы, қарашаңырағымыздың тарихымен терең әрі жан-жақты таныстыру. Тыңдаушылар  мұражайдың 1989 жылдың 27 наурызында салтанатты түрде ашылғанын, екі залдан және сақтау қорынан тұратынын көрді. Мұражай қорында сақталған 12000 артық құнды деректердің, олардың ішінде 9800 — фотоқұжат, 30 — қолжазба, 155 — сыйлық, сувенир, портрет және картиналар, 1250 — кітап, ақпараттық басылымдар мен тағы да басқа құнды мұражай заттары бар екені туралы мәліметпен  танысты. Атажұртқа алғаш табан тіреген қандастарымызға іргелі оқу ордасының бай тарихымен танысу- олардың бойына ерекше сезім сыйлады. Олардың әрқайсысы «бұл –менің болашақ университетім» деп, қалайда осы оқу орнына түсуге талпыныс жасайтынын, ол үшін бар күш-жігерлерін салатынын айтып жігерленіп қайтты.