Қазіргі қоғамдағы кедейлік мәселесі әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі болып табылады. Осы орайда жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларына "Кедейлікті жою" туралы лекция оқылды.
Материалдық әл-ауқат – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Өмірде тұрмысы жақсы, әл-ауқаты жоғары болып өмір сүру де отбасын қамтамасыз ете алмау да кездеседі. Дамыған демократиялық мемлекеттер өркендеген азаматтық қoғaмдар болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceдi. Азаматтық қоғам – құқық және мемлекет тарапынан қорғалатын, адам бостандығы мен құқығын көрсететін, жеке бостандыққа ие экономикалық тәуелсіз адамдардың қоғамы. Біздің елде құқықтық мемлекетті қалыптастыру саяси жүйенің басты мақсаты болып отыр. Бұған қол жеткізу оңай емес. Құқықтық мемлекет – бұл тұрақты конституциялық құқық тәртібінің нәтижесі.
Бізді - әділетті әрі байқуатты қоғам құруға деген ортақ мақсат біріктіреді. Әділетті қоғамда ғана әр азамат адал еңбегімен табыс тауып, ұрпақ өсіріп, болашаққа алаңсыз қарауына тең мүмкіндік алады. Жастарды өмірге деген құлшынысын арттырып, кедейліктен алыс болып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.