Ғ.Мүсірепов атындағы театрға бару
Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының бір бағыты – «Сапалы білім беру» бағыты бойынша 2024 жылдың 19 қазан күні Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы К.Қ. Қабдолдинаның ұйымдастыруымен Ғылыми тарих мамандығының 1-курс студенттерімен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Шағала» қойылымына барды. Іс-шараның негізгі мақсаты жастарды театр өнерімен таныстыру, эстетикалық қабылдауды дамыту және мәдени құндылықтарды қалыптастыру болды. Театрға барар алдында шағын кіріспе дәріс өткізілді. Онда студенттер спектакль жанры, қойылымның ерекшеліктері және театр дәстүрлері туралы білді. Шолу ақпараты студенттерге спектакльді қабылдауға дайындалуға, оның тарихи және мәдени мағынасын түсінуге көмектесті.