Студенттермен "Медеу"биік таулы спорт кешеніне саяхат

30 қазан, 2024

2024 жылғы 28 қыркүйекте ТДМ 3 "Жақсы денсаулық және әл-ауқат" іске асыру шеңберінде "Салауатты өмір салты" жобасы аясында кафедра доценті Г.Н.Мухамадиева жастарды салауатты өмір салтына баулу үшін студенттермен "Медеу" биік таулы спорт кешеніне жорық ұйымдастырды. Бұл іс-шара студенттерге өте ұнады, Медеу туралы, әлемдегі ең үздік 150 спорттық рекордтар туралы көптеген қызықты нәрселерді білді, баспалдақтың 800 сатысын еңсерді, әсем табиғатты тамашалады.