Болу Абант Иззет Байсал университеті ғалымдарының сапары (Түркия)
2024 жылғы 18-19 қазанда Химия және химиялық технология факультетіне Болу Абант Иззет Байсал университетінің Химия факультеті, аналитикалық химия бөлімінің жетекшісі Prof. Dr. Serpil Yenisoy және Ғылыми-өнеркәсіптік және технологиялық қолданбалы зерттеулер орталығының жетекшісінің орынбасары Dr. Hatice Ergin келді. Сапар барысында олар «Биосфера экологиясы» зертханасының қызметкерлерімен бірге (PhD, аға ғылыми қызметкер Ибрагимова О.П., PhD, аға ғылыми қызметкер Омарова А.С., PhD докторант, ғылыми қызметкер Тұрсұн Қ., PhD кандидат, аға ғылыми қызметкер Букенов Б.О.) Астана мен Алматы қалаларында алынған PM2.5 бөлшектерінің көздерін талдау жүргізілді. Сонымен қатар HYSPLIT моделін пайдаланып ауа массаларын талдау және қос қаладағы бөлшектер құрамын зерттеу өткізілді.
Зерттеу «Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ауаның сапасын жақсартуға арналған заманауи аналитикалық әдістер мен модельдеу құралдарын қолдану арқылы зерттеу бағдарламасын әзірлеу» (ИРН BR10965258) бағдарламасы аясында қауымдастырылған профессор, PhD Байматова Н.Х. басшылығымен жүзеге асырылды.
Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы ғалымдарының шетелдік әріптестерімен бірлескен зерттеулері тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 13.1 «Климаттың өзгеруімен күрес шаралары саласындағы зерттеулер» және 17.2 «Тұрақты даму мақсаттарын қолдауға арналған серіктестік») жетуге елеулі үлес қосады.