Студенттер кезекті театр қойылымына барды

29 қазан, 2024

Театрға бір келген көрермен бірнеше жылға азық болар рухани қазына жиып, өмірдің өзгеше нотасын сезініп қайтады. Жүрегі сағыныш пен сезімге толып, жаңарып, адами келбетін толықтырып шығады. Себебі сахнада өмір мен адамды байланыстыратын нәзік те нәрлі діңгек бар. Сондықтан жастар осы театрдан рухани байып жақсы тәрбие алып шығары анық.

Салауатты өмір салты және әл-ауқат ((ТМД) жобасы  бойынша  химия және химиялық технология факультетінің студенттері куратор эдвайзерлер:  Б.Д.Балғышева, А.О.Адильбекова, Д.М.Ибраимова  және  А.Қ.Қыпчакбаевмен  бірге 24 қазанда 2024 жылы Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» атты романы бойынша жасалған қойылымды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында тамашалап қайтты.

 

          «Ұлпан» атты қойылымның ерекшеліктерінің бірі - қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде жақсы көрсетіледі.

Бейқұт Балғышева

химия және химиялық технология факультеті

                           жалпы және бейорганикалық химия

       кафедрасының  доценті,

 химия ғылымының докторы