УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСЫМДЫҚҚА ИЕ
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСЫМДЫҚҚА ИЕ
Қазіргі білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі студент жастардың денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады. Біздің университет бұған көп көңіл бөледі.
Түрлі аурулары бар студенттер үшін арнайы медициналық топтарда және емдік дене шынықтыру топтарында (ЕДШ) сабақтар ұйымдастырылды. Студенттердің бұл санаты ерекше және әр түрлі. Сабақты ұйымдастыру барысында және дене шынықтыру құралдарын таңдауда ерекше тәсілдерді қажет етеді.
Мұндай студенттермен сабақтар арнайы әзірленген оқу бағдарламасы бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт клубы қарамағындағы Салауатты өмір салты орталығының тиісті біліктілігі және үлкен жұмыс тәжірибесі бар оқытушыларымен өткізіледі.
Әр түрлі аурулары бар студенттермен жұмыс істеудегі негізгі міндеттер: студенттердің денсаулығын нығайту, дененің физикалық белсенділікке бейімделуін жақсарту, денені қатайту, студенттердің дене шынықтырумен айналысуға саналы көзқарасын қалыптастыру, бар ауруларды ескере отырып, сауықтыру жаттығуларын үнемі орындау дағдыларын тәрбиелеу, салауатты өмір салтын жүргізу қажеттілігін қалыптастыру және өздерінің денсаулықтарына ұқыпты қарау.
Арнайы медициналық топтардың студенттерімен сабақтар таза ауада және жаттығу залында өткізіледі. Олар қозғалыс белсенділігінің әртүрлі формаларын қамтиды: мөлшерленген жүру, терренкурге серуен, спорттық бағдарлау, құрылдары бар сауықтыру гимнастика кешендері (доптар, секіру арқандары, таяқшалар), сондай-ақ бұлшықет корсетін нығайту және дұрыс қалыптастыру үшін түзету гимнастикасы жаттығулары.
Қозғалыс - денсаулық, денсаулық - ұзақ өмір.
Спортклуб