Ресейдің Подольск қаласына ғылыми іс-сапар

13 шілде, 2024

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Архив – 2025» кешенді іс-шаралар жоспарының аясында Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды айқындау және зерттеу мақсатында, сонымен қатар «Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасының «4. Сапалы білім беру» бағытын жүзеге асыру үшін 2024 жылдың 23 маусым мен 13 шілде аралығында ҚР ОМА директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті м.а., тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ. Шілдебайдың жетекшілігімен бір топ зерттеуші Ресейдің Подольск қаласындағы РФ Қорғаныс министрлігінің орталық архивіне ғылыми іссапарға барды. Іссапар нәтижесінде архив қорларынан екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық әскери құрамалар мен батырларына қатысты құнды құжаттар анықталып, олардың көшірмелері алынып, Қазақстанға әкелінді.