Шетелдік студенттермен жұмыс

21 қазан, 2024

Тұрақты даму мақсаттары (ТМД) шеңберінде жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің тілдік және шетелдіктерді жалпы білім беру даярлау кафедрасының оқытушылары факультет тыңдаушыларымен үлкен тәрбие жұмысын жүргізеді. Оқытудың бұл аспектісі «Сапалы білім беру» сияқты ТДМ бағытына жауап береді. Аудиториялық жұмыстан бөлек оқытушылар өз студенттерімен көп уақыт өткізеді, өйткені біздің тыңдаушылар Қазақстанға түрлі елдерден оқуға келеді,  сондықтан, елдің тарихы мен оның даму ерекшеліктері туралы хабарсыз. Осыған байланысты Республика күні сияқты үлкен мерекеге факультеттің барлық топтарында эдвайзерлер ашық эдвайзерлік сағаттар өткізді. Оқытушылар шетелдік тыңдаушыларға қазір оқитын елдің - Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік мереке - Республика күні туралы айтып, елдің мемлекеттік рәміздері - Қазақстанның елтаңбасы, әнұраны мен туының мағынасын көрсетіп, түсіндіріп берді. Студенттер оқытушылардың әңгімелеріне қызығушылық танытып, ел әнұранын мұқият тыңдап, әнұранның сөздерін қытай тіліне аударумен айналысуға тырысты - бұл студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды, өздерін әдеби аудармашы ретінде көрсете отырып, шығармашылық көзқарас танытты. Біздің студенттер орыс тілін енді ғана үйрене бастады, сондықтан, әрине, әлі көп нәрсені ұқпайды және түсінбейді, бірақ олардың орыс тілін білуге және орысша жақсы сөйлеуге, орыс тілінен қытай тіліне аударғанда және керісінше кәсіби маман болуға деген ықыластары қуантады. Біздің іс-шараның атмосферасы өте жылы әрі жағымды болды.

Жоғары оқу орнына дейінгі  білім беру факультетінің шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру даярлау кафедрасының аға-оқытушылары Р.С.Төребекова және Л.Қ. Мамытбекова.