«Мен денсаулықты таңдаймын, сен ше?» атты дөңгелек үстел

ТДМ 3. Денсаулық пен әл-ауқат аясында 2024 жылдың 11 қазанында «Мен денсаулықты таңдаймын, сен ше?» тақырыбында тәрбие іс-шарасы (дөңгелек үстел) өтті.
Адамның ең құнды байлығы - бұл өмір, ал өмірдегі ең құнды нәрсе - денсаулық. Денсаулық өмірдің негізгі құндылығы, қуаныш көзі. Әр адам жас кезінен бастап өз денсаулығына қамқорлық жасауы керек, гигиена мен алғашқы медициналық көмек жайында білімі болуы керек.
Денсаулықтың нашарлығы- нашар үлгерімнің, жаман көңіл-күйдің себебі. Біз әрқашан өз денсаулығымызды сақтау және қалыптастыру үдерісінде белсенді қызметте болуымыз керек.
Студент Маханбет Бақтыбай денсаулыққа кері әсер ететін факторларды айтты, сол бойынша кішігірім иә немесе жоқ жауапты тестін орындап,кімде қандай денсаулықтың кері факторы барын білдік.
Салауаттты өмір салты схемасын құрдық.
Ауызша журнал атты бөлім бойынша әрбір студент мықты денсаулық кепіліне қажетті ең басты сақтау керек және әсер ететін факторларды айтып ақпарат алмасып,кері байланыс жасалды.
Басқа жаңалықтар

