ТДМ 7. Болашақ энергетикадағы нанотехнологияның рөлі

31 қазан, 2024

Таза энергетикада нанотехнологияны дамыту жобасы аясында қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасының жетекші ғалымдары мен профессорларының қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты энергетикадағы нанотехнологияларға негізделген инновациялық тәсілдерді ілгерілету және осы салада жас зерттеушілерді ғылыми қызметке тарту болды. Іс-шараға кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Кездесу барысында «жасыл» энергетиканың «Материалтану» мамандығымен тығыз байланысы атап өтілді. Экологиялық таза және тиімді энергия көздерін жасау үшін жоғары беріктікке, ұзақ мерзімділікке және тиімділікке ие жаңа материалдарды әзірлеу маңызды. Материалтану саласындағы мамандар күн панельдерінің, жел генераторларының, аккумуляторлардың және «жасыл» энергетиканың басқа да элементтерінің өнімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Іс-шарада сөз сөйлеген докторанттар мен магистранттар материалтану саласындағы білім мен дағдылар студенттерге тұрақты және қауіпсіз энергетикалық болашақ үшін инновациялық шешімдердің көшбасшысы болуға мүмкіндік беретінін атап өтті.