Орталық Азиядағы қазіргі заманғы әлеуметтік реформалар

30 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, Тарих факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Болат Сайланның ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасы – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағыты аясында Тарих факультетінде «Орталық Азиядағы қазіргі заманғы әлеуметтік реформалар» тақырыбында «Тарих» пен «География және табиғатты» пайдалану факультеті студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел кездесу өткізді.

Дөңгелек үстелде посткеңестік Орталық Азия елдерінің қазіргі заманғы әлеуметтік реформалары және оның әсері жайында баяндамалар жасалып, арнайы презентациялар көрсетілді. Орталық Азияның әрбір республикасындағы әлеуметтік реформалар тақырыбына  Тарих факультетінің 4 курс студенттері жеке-жеке сөз алды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасына – Бақытжанова Айдана, Қырғызстан Республикасына – Исабек Жансая, Өзбекстан Республикасына – Махмутова Арай, Тәжікстан Республикасына – Сайранбек Іңкәр, Түркіменстан Республикасына – Аманжолова Айана тоқталып, әлеуметтік реформалардың негізгі бағыттарына нақты мәліметтермен бөлісті.

Қатысушы студенттер бұл елдердегі әлеуметтік жағдайдың қай дәрежеде жүріп жатқанына көз жеткізіп қана қоймай, елдегі реформалардың әсері мен маңызы жайлы ақпараттарға ие болды.