- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Ислам дінінің түркі халықтарының дәстүрлері мен тәрбиесіне әсері» атты ашық тәрбиелік сағаты
«Ислам дінінің түркі халықтарының дәстүрлері мен тәрбиесіне әсері» атты ашық тәрбиелік сағаты
24.10.2024 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті, аға оқытушы PhD Мұқан Нұрзат және 2-курс дінтану бөлімі, 4 курс исламтану студенттері және 1 курс доктаранты Белтенов Жасұлан Мазулаұлынан Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойы аясында:Тұрақты даму мақсаттары аясында, сапалы білім беру бойынша “Ислам дінінің түркі халықтарының дәстүрлері мен тәрбиесіне әсері” атты ашық тәрбиелік сағаты өтті.
Бұл ашық тәрбиелік сағатта “Ұлттық мереке-Республика күні” қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Марапат түрлері» көрмесіне барып қайтты.
Атап айтқанда, бұл көрмеде 19-20 ғасырлардағы мемлекеттік, қоғамдық және әскери қызметтердің жетістіктері мен ерліктері жайын таныстыру, Фалера дөңгеленген немесе сопақша формада әртүрлі металдан алтын, күміс, қола, асыл тастардан, әйнектерден жасалғаны. Ең жоғары дәрежедегі ерекшелік белгілер санатындағы «Халық қаһарманы» құрметті атағы, «Отан», «Даңқ», «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары және басқа да түрлі белгілер көрменің терең тарихи тағылымы және тәлім-тәрбиелік мазмұнын аша түсті. Марапат белгісінің лауазымдық ерекшелігі оның материалы мен салмағына байланысты анықталып , қызықты ақпараттар берілді.