Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Оқу агробиозертханасыFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Оқу агробиозертханасы

31 қазан, 2024

Оқу агробиозертханасы университетіміздің  өндірістік  практика өткізетін аграрлық техникалық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін жалғыз центр болып табылады. Жалпы аумағы 10 гектарды қамтиды. Нысан -толық қоршалған және күзетіледі. Онда студенттерге арналған жалпы ауданы 1200 шаршы метр аумақта  екі қабатты 150 студентке арналған жатақхана мен бір қабатты зертхана ғимараты қамтылған. Сонымен қатар, жер асты қоймасы, су  станциясы, 0,4 кВ автономды трансформатор және 400 куб.-тық өрт сөндіру қауіпсіздігі мақсатында су қоймасы және табиғи газбен қамтамасыз етілген нысан . АБС Жаңа-Талап елді мекенінде орналасқан баратын жол. Алматы-Қапшағай автобаны арқылы және АБС кешенінің артқы жағынан. Айналма жол арқылы Жаңа-Талап елді мекені арқылы кіре аласыз. Университет қалашығынан оқу орталығына дейін 53 км.

Негізгі міндеттері

• Студенттердің өндірістік практикасын қамтамасыз ету

• Студентермен зертханалық жұмыстар өткізу, бакалавр және магистрант, PhD докторанттардың дипломдық және дисертатцялық жұмыстарын ғылыми жобаларың бағыттарына жүзеге асыру

• Баубақшалық дақылдар егіп олардың құрамын зертханалық жағдайда ауруларымен анатомиялық және морфологиялық генетикалық жағдайларын зерттеу

• Университеттің зертханалық мақсатта пайдаланатын жануарларды қоректендіру мақсатында дәнді жемдік дақылдар мен көкөніс түрлерімен қамтамасыз ету

• Университет аумағында жәрменке өткізу

• Университетіміздің әр факультеттерін зертханалық және тәжірбелік жұмыстарымен қамтамасыз ету

 

Оқу агробиозертқанасында атқарылып жатқан жұмыстар:

•    Биология және биотехнология факультеті ғалымдары көп жылдық бидай,    кендір және селекциялық дақылдарды сынақтан өткізуде.

•     Химия факультетімен бірлесіп дәрілік өсімдіктер өсіріліп жатыр.

• Механика-математика факультетімен бірлесіп жер асты жылуын     пайдаланудың зертеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

                                                          

Оқу агробизертханасында өсімдіктерді микроклоналды көбейту  жұмыстары жүргізілуде:

      Өсімдіктерді микроклоналды көбейту  қысқа мерзімде жеміс, жидек,  көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу материалының көп мөлшерін алу; мамандарды бастапқы материалды алудың заманауи биотехнологиялық әдістеріне оқыту, Ауыл шаруашылығы дақылдарының патогендерін кәсіби диагностикалау; биотехнологияның, Өсімдіктердің генетикасы мен физиологиясының заманауи жетістіктерін пайдалана отырып ғылыми зерттеулер жүргізу.

Мақсаты - коллекциялар құру, in vitro сауықтыру және көбейту, өсімдіктердің биоәртүрлілігін зерттеу, сақтау және қалпына келтіру.
Mіндеттер:
- Биотехнология, селекция, молекулалық биология саласында мамандар даярлау.
- Шетелдік сарапшыларды тарта отырып, биоинженерия, өсімдік селекциясы, биоресурстардың сақталуы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.

Қызметтер

- Көкөніс және жеміс-жидек дақылдарының вирустық ауруларын диагностикалау.          
- Көкөніс және жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалдарын сауықтыру.
- Көкөніс және жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалын in vitro жағдайында көбейту.

- Кез келген көкөніс және жеміс-жидек дақылдарының құнды сорттарын сауықтыру және көбейту жүйелерін әзірлеу.
- Өсімдіктер топтамаларын криосақтау. 

- Өнгіштігін жоғалтқан өсімдіктер топтамаларын қалпына келтіру.

Оқу агробиозертханасының аумағында шетілдік ғалымдармен бірлесе отырып пилоттық жобалар іске асырлуда:

Агробиозертхана аумағында егілген дақылдарды өндеудің технологияларымен, сонымен қатар жел, су, күн және биогаз қондырғыларының тиімді жүйелері мен компоненттерін жасау жұмыстары  жүргізлуде;

Атап айтқанда:

Германия  республикасының Эберсвальде университетімен бірлесіп пилоттық жобалар бойынша оқу агробиозертханасының аумағына метрологиялық метеостанция орнатылды. Экологиялық анализ алып мониторинг жүргізу қолға алынды.

Оқу агробиозертханасының аумағында тамшылатып суғару технологиясы жүзеге асырлуда:

«Еуропалық стандартқа сай тез пісетін, стресске қарсы тұра алатын көшеттердің Книп-Баум әдісін, Tray и Plug технологиясымен, тамшылап суаруды пайдалану арқылы алынған қарқынды жеміс бақтарының өнімділігін арттыру жұмыстары жасалып жатыр».

  • Қазақ ұлттық аграрлық  зерттеу университетімен. Дақыл өндеудің технологияларымен, сонымен қатар жел, су, күн және биогаз қондырғыларының тиімді жүйелері мен компоненттерін жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр;
  •  Жетісу мемілекетік университетінің экология  және биологи кафедрасымен. Практика өткізу бағыты бойынша келіссөздер жүргізілді;
  • Ауылшаруашылық институттары мен ЖШС
  • Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ
  • Қазақ картоп көкөніс шаруашылығы ҒЗИ
  • Өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ
  • Қамқорлық ЖШС
  • Байсерке агро ҒЗИ ЖШС

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен дақыл өндеудің технологияларымен, сонымен қатар жел, су, күн және биогаз қондырғыларының тиімді жүйелері мен компоненттерін жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр;

Ауыл шаруашылық дақылдарының бірнеше сұрыптарын  сынақтан өткізілді;

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мен сақтаудың  технологиясы жасалуда;

Агробиостанцяның оқу-эксперименттік шаруашылығында жеміс өсіруді дамыту, және жаңа сорттар мен тамыр сабағын, өндірістік жүйелерімен жаңа  технологиялардың бағытын  қолдану мақсатында жеміс-жидек дақылдарының демонстрациялық учаскесі салынды.

Қамқорлық жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлескен ғылыми жұмыстар

 Жетісу обылысы Жаркент өнірінде орналасқан Қамқорлық «жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен» бірлесе отырып зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 7 га жерге көпжылдық бидай егілді. Бидайдың сорты: «Байтақ».  

                  

Алматы обылысында орналасқан Оқу ғылыми өндірістік орталығы «Байсерке агро» мен бірлесе отырып «Шөл» деп аталатын жаңа сорты егілді.

      Үздік бидайдың жаңа сортын  гибридті популяциядан жеке сұрыптау нәтижесінде шығарды. «Шөл» деп аталатын жаңа сорт бай ботаникалық әртүрлілікке ие және Гостианум (Hostianum) гибридті түріне жатады.

«Шөлдің» таңғажайып сипаттамаларына келсек, ұзындығы 8-12 см цилиндрлі масақтары бар, құрылымы тығыз, 10 см-ге жететін 14-18 тікенекті түктері болады. Дәні шыны тәрізді, жартылай ұзын, ірі, қызыл түсті, түбі тегіс, ортаңғы ойығы бар. Бұл сорттың шаруашылық құндылығы оның жоғары өнімділігінен байқалады. 1000 дәннің салмағы 40,8-49,0 г, көлемі 757-820 г/л, негізгі масақтағы дән саны 45,5-60,5 түйірге жетеді. Ең бастысы «Шөл» сорты қысқы суық пен жазғы ыстыққа және құрғақшылық пен  ауруға да төзімді. Жаңа сорт суармалары жерлер мен тыңайтқыштарды пайдалану жағдайында өсіру үшін ұсынылады. Піскен кезде дәні шашылмайды және оңай бастырылады. «Шөл» өнімділігі 25,5-40,5 ц/га құрайды.

          «Байсерке агро» мен бірлесе отырып «Шөл» деп аталатын жаңа сорты егілді осы сорты ауыл шаруашылық мақсатына көбейту бойынша жұмыстарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Сапаров Айдарбек Сейпілұлы және Алматы обылысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев келіп көріп танысып біршама жұыстарға қолдау білдіруде.

Оқу агробиозертханасында 2024 ж. Биология факультетінің биология мамандығының 80 студенті және География факультетінің экология мамандығының 30 студенті өндірістік практика өтті.    

 

Оқу агробиозертханасынан жыл сайын университет аумағын абаттандыру мақсатында 8000- ға жуық гүл өткізіледі.

Зертханалық жануарларды қоректендіру мақсатында дәнді жемдік дақылдар мен көкөніс түрлері өткізілді.

• Бидай                                                                •  Картоп

• Жоңышқа                                                        •  Сабіз

• Арпа                                                                   • Қырыққабат

                                                                               •  Асқабақ

 

Жыл сайын университет аумағына және қалалық жәрмеңкеге   Оқу агробиозертханасының өнімдері шығарылады

Оқу агробиозертханасында төменде көрсетілгендей отандық және қалықаралық ғылыми зерттеу жобалары және бағдарламалары жүзеге асырылуда:

1. Жоба тақырыбының атауы: Фунгицидтік әсері бар өсімдіктердің өсуінің жаңа бифункционалды NANOQUQIRT стимуляторын өндіру және іске асыру". Жетекшісі – Бүркітбаев Мухамбеткали Мырзабаевич.

Жоба берілетін экономиканың басым секторының атауы - Өңдеу өнеркәсібі. ЭҚЖЖ коды 20.20. Пестицидтер және басқа да агрохимиялық өнімдер өндірісі.

Оқу агробиозертханасы ҚХР Шаньдунский университетымен бірлесіп жасанды интеллектті дамытудың иновациялық жобаларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Оқу агробиозертқанасының  тимділігін арттыру  бойынша 2025 жылға арналған мақсаттарымен  жоспарлары

Оқу агробиозертқанасының тимділігін арттыру жұмыстары