"Елдігімізді асқақтатқан Егемендік"
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының, Абай атындағы ҚазҰПУ «Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының және «Қазақстандық философиялық конгрессі» ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен ұлттық мереке-Республика күніне арналған «Елдігімізді асқақтатқан Егемендік» атты мерекелік іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – ұлттық сана сезімнің жоғары деңгейін қалыптастыру, оның маңызды компоненттерін-қазақ халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрлерін, өзіндік ерекшелігін, қазақ халқының ұлттық мүдделерін сондай-ақ студент жастар арасында этносаралық толеранттылықты, қоғамдық келісімді және патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылады.
Шарада «Қазақстандық философиялық конгрессі» ұйымының вице-президенті Тұрсын Хафизұлы баяндама жасады. Сондай-ақ, шараға кафедрамыздың 3-курс студенттері қатысып, ғалымдарға сұрақтарын қойып, жауап алып, пікір алмасты.