№9 жатақханадағы философия мамандығының 2 курс студенттерінің тұрмыс жағдайын тексеру

31 қазан, 2024

2024 жылдың 31 қазанында куратор Алпысбай Марғұлан ҚазҰУ-дың No9 жатақханасында 2 курс, екінші топ студенттерінің тұрмыстық жағдайын тексерді. Барлық студенттер жатын орындарымен қамтамасыз етілген, төсек-орындары жақсы жағдайда.Бөлмелер мен жалпы аумақтардың тазалығы жалпы қанағаттанарлық.Жуынатын бөлмелер мен дәретханалардың санитарлық жағдайы стандартқа сай, студенттерге жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығы ескертілді. Тексеру барысында студенттер тұрмыстық жағдайға қанағаттанатындықтарын білдіріп, бөлмелердің жағдайына, құрал-жабдықтарға шағымдардың жоқтығын растады.